Нұр-Сұлтандағы ірі жол апатынан зардап шеккен 4 адамның жағдайы ауыр

1375

25 адам қалалық №2 көп салалы ауруханаға жеткізілді, оның 4-інің жағдайы ауыр. Үш пациентке операция жасалуда, 3 пациент интенсивті терапия бөлімшесінде жатыр.

Нұр-Сұлтандағы ірі жол апатынан зардап шеккен 4 адамның жағдайы ауыр

Астанада ірі жол апатынан екі адам: 66 жастағы автобус жүргізушісі мен 26 жастағы әйел көз жұмды, деп хабарлайды 24.kz.

25 адам қалалық №2 көп салалы ауруханаға жеткізілді, оның 4-інің жағдайы ауыр. Үш пациентке операция жасалуда, 3 пациент интенсивті терапия бөлімшесінде жатыр. Жедел жәрдем көлігінің фельдшері №1 қалалық аурухананың нейрохирургия бөлімшесіне түсті.

"Нұр-Сұлтан қаласының орталық жол ауруханасына" 1 адам тізе жарақатымен жеткізілді. Оның жағдайы қанағаттанарлық.

Оқиға орнында жедел жәрдем қызметінің 22 бриагадасы мен Медициналық апаттар орталығынан бір бригада жұмылдырылған. Олар оқиға орнында жұмыс істеуде.

Естеріңізге сала кетейік, 26 наурыз күні Ұлы Дала мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында үш автобустың және жеңіл көліктердің соқтығысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Қала маңы бағдарындағы № 303 автобус №12 бағдардағы жолаушылар көлігімен соқтығысты. Осының екпінімен олар №53 автобусқа және жедел жәрдем көлігіне барып соғылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу