Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Зекен Исаков карантинге алынған нысандарды атады.
"Мына нысандарды карантинге алу туралы қаулы шықты: Нұр-Сұлтан қалалық көпсалалы медициналық орталықтың инфекциялық блогы, Ұлттық кардио-хирургиялық орталық, №1 қалалық аурухананың акушерлік блогы және №1 автопарк. Көліктегі департаменттің ақпараты бойынша, осы тәуліктерге қалаға келушілердің барлығы карантиндік стационарда тексерілу үшін оқшауланып жатыр. Зерттеу қорытындысы алынғаннан кейін карантиндік стационарда жатуға тиіс адамдардың саны анықталып, 13 тәулік бойы үйде оқшауланатындар белгілі болады. Қала шеңберінде 7 блокпост қойылды", – деді ол тікелей эфир арқылы.
Есжан Ботақара