Нұр-Сұлтандағы метро құрылысын жалғастыруға инвестор іздестіріліп жатыр

1088

Құрылыстың жарты жолда қалуының себебін қаржы министрі Қытай мемлекеттік даму банкінің қаржылық қиындығымен түсіндіреді. 

Нұр-Сұлтандағы метро құрылысын жалғастыруға инвестор іздестіріліп жатыр

Нұр-Сұлтандағы LRT жерүсті метросының құрылысын аяқтауға қайтадан инвестор іздестірілетін болды. Бүгін үкімет қабырғасында Atameken Business тішілерінің сұрағына қаржы министрі Әлихан Смайылов осылай деп жауап берді.

Жарнамасы жер жарған құрылыстың жарты жолда қалуының себебін министр Қытай мемлекеттік даму банкінің қаржылық қиындығымен түсіндіреді. Ендігі инвестор отандық компаниялардың бірі болуы мүмкін.

LRT жеңіл жерүсті рельсі биыл аяқталып, 2020 жылы іске қосылуға тиіс еді. Бірақ жұмыстың жарты пайызы да орындалған жоқ. Рельстің ұзындығы 22,4 шақырымды құраса, жобаның жалпы құны 1,9 млрд долларға бағаланған. Ал осы қаржыдан алынған сома – 340 млн доллар. Бірақ 16 сәуірде оның тоқтатылғанын Нұр-Сұлтан әкімі Бақыт Сұлтанов ресми мәлімдеген еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу