Нұр-Сұлтандағы онкодиспансер дәрі-дәрмекпен толық қамтылады

1096

Бұған дейін 1,3 млрд теңге қарызына байланысты аталған мекемеге медициналық препараттарды жеткізу тоқтатылған болатын.

Нұр-Сұлтандағы онкодиспансер дәрі-дәрмекпен толық қамтылады Фото: akorda.kz

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтандағы онкодиспансер емделушілері дәрі-дәрмекпен толық қамтылатынын айтты.

Бүгін астананы дамытуға байланысты кеңесте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы мәселені көтерді.

"Елордадағы онкологиялық орталық препараттарсыз қалды деген ақпарат қоғамдық резонанс тудырды. Қазір науқастар қажетті дәрі-дәрмекпен қамтылды ма?",– деп сұрады мемлекет басшысы денсаулық сақтау министрінен.

Елжан Біртанов, қазіргі кезде емделушілерге дәрілік препараттар толық жеткізілгенін хабарлады.

"Біз онкологиялық орталыққа дәрілік препараттар үшін 1,7 млрд теңге бөлдік. Қазір оның 800 млн теңгесі игерілді. Яғни, дәрілер артығымен жетеді. Жалпы ауруханалар "СК-Фармация" алдындағы қарызын дер кезінде төлемейді. Бұл препараттарды зауыттардан жеткізу кезінде қиындық тудыруы мүмкін",– деді денсаулық сақтау министрі.

Сонымен қатар Елжан Біртанов, дәрі-дәрмек жеткізілуі 2015-2017 жылдар аралығындағы қарызға байланысты тоқтатылғанын айтты.   

"Онкологиялық орталықтың "СК-Фармацияға" 2015-2017 жылдары аралығында 1,3 млрд теңге көлемінде қарызы жиналып қалған. Оның басты себебі 2017 жылға дейін диспансер бір орталықтан қаржыландырылмаған. Ал жақын маңдағы өңірлерден науқастар көптеп келе бастаған. Бірақ жергілікті бюджет қаражаты бір өңірден екінші өңірге аударылмаған. Сонықтан осы қарызды өтеу үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлуді сұрау туралы шешім қабылдадық",– деді Елжан Біртанов.

дәрі, онкологиялық диспансер, онкологиялық орталық, денсаулық сақтау министрлігі, қарыз, СК-Фармация

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу