Нұр-Сұлтандағы Сирия бойынша келіссөздер нәтижелі аяқталды - СІМ

1211

Елордадағы Сирия жөніндегі жоғары деңгейлі 17-халықаралық кездесуі нәтижелі аяқталды. Бұл туралы ҚР СІМ Таяу, Орта Шығыс және Африка департаментінің директоры Оңталап Оңалбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Нұр-Сұлтандағы Сирия бойынша келіссөздер нәтижелі аяқталды - СІМ

Оның айтуынша, биыл 21-22 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтанда өткен Сирия мәселелерін реттеуге қатысты келіссөздерге Иран, Ресей, Түркия  өкілдері, Сирия үкіметінің және қарулы оппозиция топтарының делегациялары, бақылаушылар мен БАҚ өкілдері қатысқан. 

"Бүгін Астана процесі аясында Сирия жөніндегі жоғары деңгейлі 17-халықаралық кездесуі нәтижелі аяқталды. Бәріңізге мәлім Астана процесі 2017 жылдан бастап Қазақстанның тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауымен жүзеге асып келе жатыр. Бұл процес Сирия аумағындағы бейбітшілік пен тұрақтылықты орнату жолында айтарлықтай жетістіктерге жетті", - деді Оңталап Оңалбаев. 

Сонымен қатар ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана процесі қарулы-қақтығысты тоқтауы мен босқындардың өз еліне қайтып оралуына қолайлы жағдай жасау, тараптардың уағдаластықты сақтауы маңызды екенін атап өткенін айтты. 

"Нәтижесінде Нұр-Сұлтанда өткен келіссөздердің 17-раунды осы жүйелі, әрі тиімді жұмыстың жалғасы болды деп нық сеніммен айтуға болады", - деді департамент директоры. 

Дәурен Ерболат 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу