Нұр-Сұлтандағы СОО-лар мен сауда үйлері тек жексенбі күні жабық болады

872

Елорданың сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері жұмыс уақытын сағат 23:00-ге дейін ұзартты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтандағы СОО-лар мен сауда үйлері тек жексенбі күні жабық болады

Елорданың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова карантиндік және шектеу шаралары туралы жаңа қаулыға қол қойды.

Сонымен 2021 жылғы 2 ақпандағы жаңа қаулыға сәйкес бизнес-орталықтар, іскерлік үйлер, сондай-ақ оларда орналасқан объектілер жексенбіден басқа, жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды сақтай отырып жұмыс істей алады.

Сенбі күндері сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері де жұмысын жандандырады. Бір келушіге 4 м2 есебінен аспайтын, толымдылығы 30%-дан аспайтын тәртіпті сақтаған кезде бұл объектілер жексенбіден басқа, яғни жұмыс күндері мен сенбі күндері сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Айта кетейік, тұрғындар санитарлық талаптар мен нормаларды қатаң сақтауы керек. Маска режимі, әлеуметтік қашықтық міндетті түрде сақталуға тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу