Нұр-Сұлтандағы триатлон жарысына 50 елден спортшылар келеді

760

IRONMAN 70.3 Astana аясында 12-14 шілде аралығында үздік әлемдік брендтердің спорттық жәрмеңкесі жұмыс істейтін болады.

Нұр-Сұлтандағы триатлон жарысына 50 елден спортшылар келеді

Нұр-Сұлтанда өтетін триатлоннан BI GROUP IRONMAN 70.3 Astana халықаралық жарысына әлемнің 50 елінен 1400 қатысушы келеді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Жарысқа олимпиадалық чемпион, Astana Pro Team командасының бас менеджері Александр Винокуров, Олимпиада ойындарының қатысушысы, триатлоншы Екатерина Шатная, "Алматы Марафоны" ұйымдастырушысы Салтанат Қазыбаева және т.б. атақты қазақстандықтар қатысатынын растады.

Іс-шараны тиімді ұйымдастыру мақсатында шетелдік қонақтармен өзара іс-қимыл жасауда тәжірибесі мол 700 ерікті тартылатын болады.  

IRONMAN 70.3 Astana аясында 12-14 шілде аралығында үздік әлемдік брендтердің спорттық жәрмеңкесі жұмыс істейтін болады.

Сонымен қатар, 13 шілдеде Триатлон паркінде жас атлеттерге арналған IRONKIDS өтеді. Жыл сайын ол әрбір IRONMAN жарысы аясында бүкіл отбасы үшін ойын-сауық ретінде өткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу