Нұр-Сұлтанды газдандырудың бірінші кезеңі жүзеге асырыла бастады

1085

Газ жүргізу – қалаға зиянды қалдықтардың шығарылуын 6 есеге, қатты заттектерді 40 мың тоннаға азайтады деп күтілуде.

Нұр-Сұлтанды газдандырудың бірінші кезеңі жүзеге асырыла бастады

Қазіргі таңда құбырларды тарту мен газреттегіш пункттерінің дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жобаның бірінші кезегінде газреттегіш желілерінде ЖЭО-1,2,3, "Көктал-1,2" т/а, Агрогородок, Железнодорожный кенті, Оңтүстік-Шығысқа (оң және сол) дейін газ беруді жоспарлап отыр. Үйлердің саны 13,5 мыңды құрайды.

Келесі кезең бойынша Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар (1-2 ПК), Тельман (3-ші ПК), Пригородный, Garden Village және Family Village-ге (4-ші ПК) газ жүргізіледі.

Үшінші кезекте Ильинка (1-2-ші ПК), Шұбар (3- ПК), Өндіріс (4-ші ПК) тұрғын алаптары газдандырылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу