Елордада қалың қардың түсуіне байланысты коммуналдық қызмет үлгермей жатқандықтан, көшелердегі қар жинау жұмысына белсенді тұрғындар мен волонтерлер қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Қалың қар жауған күндері аудандағы санитарлық тазалық жұмыстарына бақылауды күшейттік. Әріптестерімізбен бірге күні-түні кезекшілік етіп жатырмыз. Белсенді тұрғындар мен волонтерлер сөзбен емес, іспен көмектесуде. Қар тазалау бойынша тек аудан аумағын аралап қана қоймай, әлеуметтік желілер арқылы да мониторинг жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, "109" қызметі арқылы келіп түскен барлық өтініштерге әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы жауап берілуде",– деп жазды Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов өзінің Facebook парақшасында.
Еске сала кетейік, кеше елорда көшелеріндегі қарды жинауға 1700-ден астам жұмысшы және 1040 техника шыққан болатын.