Нұр-Сұлтан әкімдігінде қаладағы қоршаған орта сапасы және бақылау басқармасы мен "АстанаГазКызмет" ЖШС және "Бәйтерек" ПИК ассоциациясы арасында газ тарату жүйелерінің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету туралы өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Келісім аясында "АстанаГазКызмет" ЖШС үйдегі газ желілерін компания балансына беру сәтінен бастап міндеттемелерді қабылдайды және "104" шұғыл телефон желісі арқылы газ қызметі бойынша қала тұрғындарының өтініштеріне тәулік бойы ақысыз қызмет көрсетеді. Осы уақытқа дейін тұрғындар осы қызмет үшін 5 мың теңге төлеген болатын.
Бұдан бөлек, "АстанаГазКызметі" қаланың барлық көппәтерлі тұрғын үйлеріне кіретін газ тарату жүйелеріне қызмет етеді, қажет болған жағдайда кіреберіс газ құбырларының крандарын ауыстыруды жүзеге асырады.