Нұр-Сұлтанға бизнес байланыс орнату үшін 20-дан астам бельгиялық компания өкілдері келді

878

Бақыт Сұлтанов Бельгия делегациясымен кездесті.  

Нұр-Сұлтанға бизнес байланыс орнату үшін 20-дан астам бельгиялық компания өкілдері келді

Бельгияның ресми делегациясымен кездескен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары, бельгиялық және астаналық бизнестің өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бельгия Корольдігінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексис де Кромбрюгхе де Пикендаль делегация құрамында қазақстандық бизнеспен байланыс орнатуға қызығушылық танытып отырған 20-дан астам бельгиялық компания бар екенін атап өтті.

Кездесу барысында Бельгия Корольдігінің консулы Деннис Ван ден Вейк елордаға құрметті консулдардың халықаралық конференциясын өткізу жоспарланып отырғанын айтты.

"Бізде олардың алдында Қазақстанның инвестициялық әлеуетін ашу мүмкіндігі болады. Іс-шара бағдарламасы аясында қонақтар "Астана" халықаралық қаржы орталығына барады. Сонымен қатар, Дүниежүзілік құрметті консулдар бірлестігінің президенті өзінің қатысуын растады. Форумға қатысушылардың туристік бағдарламалары болғанын қалаймын, олар алыстан ұшып келеді, бірнеше күн елордада болады", – деп атап өткен Денис Ван ден Вейк қала билігі тарапынан конференцияға қолдау көрсетуге үміт білдірді.

Бақыт Сұлтанов іс-шараны қолдауға дайын екендігін айтып, бизнесті құру мен дамытудың және қалаға үздік технологияларды тартудың маңыздылығын атап өтті.

"Біздің қала бірегей. Оның климаттық жағдайы оңай емес. Сондықтан біз қалалық шешімдерге қатысты жаңа технологияларды дамытуға мұқтажбыз", – деп түйіндеді қала әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу