Нұр-Сұлтанға сирияаралық кездесулерге қатысушылар келіп жетті

558

СІМ өкілдері Сирия үкіметі мен қарулы оппозиясының делегациясы да келгенін хабарлады. 

Нұр-Сұлтанға сирияаралық кездесулерге қатысушылар келіп жетті

Астана процесі аясында сирияаралық кездесулерге қатысушылар келіссөздердің он екінші раундына қатысу үшін еліміздің бас қаласына келді. Бұл туралы СІМ-ге сілтемемен Интерфакс-Қазақстан хабарлайды.

"Ең бірінші болып РФ президентінің Сирия жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев бастаған Ресей делегациясы келді. Ираннан келген делегацияны сыртық істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі аға көмекшісі Әли Асгар Хажди, ал Түркия делегациясын сыртқы істер министрінің орынбасары Седат Онал бастап келді",­ – деді Қазақстан СІМ өкілдері.

Ведомство өкілдері Сирия үкіметі мен қарулы оппозиясының делегациясы да келгенін хабарлады. Кездесуге Иордания делегациясы бақылаушы ретінде қатысады. Сонымен қатар БҰҰ-ның жоғары комиссары басқармасының босқындар ісі жөніндегі өкілдері және Қызыл Крест халықаралық комитеті өкілдері де жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу