Нұр-Сұлтанға тартылған инвестицияның 81%-ы ШОБ-тың үлесінде – қала әкімі

816

Елордада көлемі 1 триллион теңгеден асатын 111-ден аса инвестициялық жобаға қолдау көрсетілген.

Нұр-Сұлтанға тартылған инвестицияның 81%-ы ШОБ-тың үлесінде – қала әкімі

Нұр-Сұлтанға тартылған барлық инвестицияның 81%-ы шағын және орта бизнестің (ШОБ) үлесінде. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның пікірінше, елодараға инвестиция тарту - маңызды жұмыстардың бірі.

"Біз тек мемлекеттік бюджетке сенбеуіміз керек. Сондықтан инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын ашу, шағын және орта бизнесті дамыту үшін жағдай жасау шарт. Осы уақытқа дейін 1 триллион теңгеден асатын 111-ден аса инвестициялық жобаға қолдау көрсеттік", - деді ол.

Алтай Көлгінов инвестициялық жобалар өндіріс, білім беру, денсаулық сақтау, логистика, сауда, спорт, тұрғын үй құрылысы салаларын қамтитынын жеткізді. 

Сонымен қатар, қала басшысы Нұр-Сұлтан іскерлік орталыққа айналғанын атап өтті.

"Елордаға бизнес субьектілерінің қызығушылығы бар. Жалпы өңірлік өнім құрылымында шағын және орта бизнестің үлесі – 55%. Бізді бұл көрсеткіш қуантады. Алайда мұнымен шектеліп қалмау керек. Елорданың болашағы зор. Мемлет бизнес өзін жақсы сезіну үшін барлық жағдайды жасап отыр. Қалаға тартылған барлық инвестицияның 81%-ын шағын және орта бизнес (ШОБ) береді", - деді Алтай Көлгінов.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу