30 жастағы ер адам Мәскеуден ПТР сынағының сертификатынсыз келген. Әуежайдан бірден ол карантин стационарына жеткізіліп, қажетті зертханалық тексерулерден өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Аурухана басшылығының айтуынша, науқастың нәтижелері анализ алған соң 4 сағаттан кейін дайын болған. Жолаушыдан аурудың симптомсыз түрі анықталып, үй жағдайындағы карантинге жабылды. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық, шағымсыз. Ер адамды тұрғылықты жеріндегі емханалардың медициналық мамандары бақылайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу