Әуежай баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Нұр-Сұлтан әуежайына 4 ұшақ қонды, Turkish Airlines, Air Astana және Flydubai әуекомпанияларының рейстерімен барлығы 478 жолаушы мен 28 экипаж мүшесі келді.
Олардың 170-інде ПТР анализдері болмаған немесе мерзімі өткен, олар қалалық қонақүйлердегі жасақталған ауруханаларға жатқызылды. Температурасы көтерілген жолаушылар болған жоқ. ПТР сынақтарынан өткен соң, жолаушылар үйлеріне қайтарылады, егер оң нәтиже көрсеткендер болса, жұқпалы аурулар ауруханасына жіберіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу