Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге ұшқан Air Astana-ның ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды

864

Ұшақта 125 жолаушы мен экипаждың сегіз мүшесі болды.  

Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге ұшқан Air Astana-ның ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды

Air Astana авиакомпаниясының Нұр-Сұлтан – Мәскеу бағытында ұшқан ұшағы техникалық себептерге байланысты Нұр-Сұлтан әуежайына қайтып қонды. Бұл туралы ИИДМ азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.  

"Бүгін Air Astana авиакомпаниясының "Нұр-Сұлтан – Мәскеу (Шереметьево)" бағыты бойынша KZR873 рейсінің ұшағы техникалық себептерге байланысты ұшып шыққан әуежайына қайтып оралды. А321 әуе кемесі сағат 21:57-де сәтті қонды. Бортында 127 жолаушы мен экипаждың 8 мүшесі болды",  – делінген комитеттің хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу