"Qazaq air" алдағы аптадан бастап тұрақты рейстерінің қатарын еселейді. Нақтыласақ, тікелей ұшақтар Нұр-Сұлтаннан Қостанай, Ақтөбе, Талдықорған және Павлодарға қатынауын бастамақ, деп хабарлайды Atameken Business компанияның баспасөз қызметіне сілтемемен.
Бас санитар дәрігерден борт ішінде жолауышларды қашықтықты сақтап қана отырғызу талабы жойылғандығы жөнінде шешім келген. Бірақ компания башылығы ақылдаса келе әзірге ережені өзгеріссіз қалдыруға ұйғарыпты. Яғни, борт 50%-ға дейін бос қалпында қалады. Дегенмен, жолаушылар қолында "коронавирусты жұқтырмаған" деген анықтамасы міндетті түрде болуы шарт. Онсыз әуежайға да кіргізілмейді. Құжат 7 күнге дейін жарамды. Бұл талапты борт қызметкерлері де қатаң сақтауға міндеттелген.