3 маусымнан бастап Нұр-Сұлтаннан Моңғолия астанасы Ұлан-Батырға дейін тікелей әуе рейсі ашылады. Бұл туралы моңғол елінің басылымдары жарыса жазуда, деп хабарлайды Atameken Business.
Ақпаратты Қазақстанның Моңғолиядағы елшісі Қалыбек Қобландин растады.
Еске сала кетсек, маусымның 4-і және 5-і күндері Ұлан-Батырда Қазақстанның сауда-экономикалық форумы өтеді деп жоспарланған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу