Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық қызметтері басшыларының байланыс телефондарын қала әкімінің орынбасары Арман Тұрлыбек өзінің facebook-тегі парақшасында жариялады.
"Сіздер маған су, жарықты сөндірсе немесе контейнерлік алаңды қоқыстан тазаламаса, нақты кімге xабарласуға болатынын сұрап жиі жазасыздар. Ал бұлардың бәрі біздің тұрмыс-тіршілігімізді қамтамасыз ететін ресурстар, оларсыз қазіргі қала тұрғынына қиын. Егер осы салада мәселе-сұрақ туындаса, олар, әдетте, кейінге қалдыруды күтпейді. Коммуналдық сектор басқармалары басшыларының телефондары, соның ішінде менің байланыс нөмірім бұрыннан белгілі. Сіз бен біздің арамыздағы кері байланыс жолға қойылған. Ендігі кезекте елорданың коммуналдық кәсіпорындары басшылығымен байланыс орнату керек", – деп жазды әкімнің орынбасары.
Десе де Арман Тұрлыбек коммуналдық қызметкерлерге WhatsApp арқылы хабарлама жазуды ұсынды:
"Әрине, тығыз жұмыс кестесіне байланысты басшыларда телефон қоңырауларына жауап беру мүмкіндігі үнемі бола бермейді, сондықтан WhatsApp арқылы хабарласу өте жақсы балама", – қосты ол.