Нұр-Сұлтанның "қызыл" белдеуде тұрғанына үшінші ай

681

Қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып қалуда.

Нұр-Сұлтанның "қызыл" белдеуде тұрғанына үшінші ай

Өткен демалыс күндері Нұр-Сұлтанның барлық ауданында карантин талаптары бұзылғаны анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мәселен, өткен тәулікте, яғни 6 маусымда мониторингтік топтар 10 мекемені әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Алматы ауданы Нәжімеденов көшесі, 14 мекенжайындағы "Панаехали" барын, Байқоңыр ауданында "С кайфом" лаундж бары санэпидемиологиялық нормаларды бұзған.

Ал Есіл ауданында бірден 7 ойын-сауық мекемесі карантин режимін бұзды.
Сарыарқа ауданында Respawn компьютерлік клубы бас санитарлық дәрігердің қаулысына қарамастан сағат 23:00-ден кейін жұмыс істеді.

Жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша "қызыл" аймаққа енгеніне үшінші ай болды. Қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып қалуда. Сондықтан елорда тұрғындары мен қонақтары, кәсіпкерлік нысандары коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуын болдырмас үшін санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтауға тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу