Нұр-Сұлтанның логотипі мен ұранына байқау жарияланды

885

Әрбір байқаудың жеңімпазы дипломмен және 3 млн теңге ақшалай сыйлықпен марапатталады.

Нұр-Сұлтанның логотипі мен ұранына байқау жарияланды

Елорда туралы ең үздік ән, сондай-ақ Қазақстан астанасының логотипі мен ұранының ең үздік брендбугін жасауға байқау жарияланды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Байқау 27 мамырдан 24 маусымға дейін жүргізіледі. Қатысқысы келетіндер Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық даму істері басқармасына 2019 жылдың 24 маусымына дейін қажетті материалдарды тапсыруы керек.

Қазылар алқасының құрамында белгілі композиторлар, ақындар мен суретшілер, дизайнерлер болады. Әрбір байқаудың жеңімпазы дипломмен және 3 млн теңге ақшалай сыйлықпен марапатталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу