ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің жаңа басшысын таныстырды, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.
Президент әкімшілігінің келісімімен Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің басшысы лауазымына полиция полковнигі Сәденов Ержан Сапарбекұлы тағайындалды.
Сәденов Ержан Сапарбекұлы 1968 жылы ШҚО-да туған. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Қарағанды қаласындағы Қазақстан Республикасы ҰҚК-нің жоғарғы мектебін тәмамдаған.
Ішкі істер органдарында 1993 жылғы шілдеден бастап орта және аға басқарушы құрамның әртүрлі жедел лауазымдарында қызмет атқарған. Басшылық лауазымдардағы тәжірибесі мол.
Әр жылдары Риддер, Өскемен қалалары полиция басқармаларының, Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы, Маңғыстау облысының Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, ІІМ Жедел департамент бастығы, Көліктегі Полиция департаментінің бастығы болып қызметті етті.
2016 жылғы маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаментінің басшысы лауазымын атқарды.