Нұр-Сұлтанның прокуроры тағайындалды

828

Бауыржан Мырзакеров прокуратура органдарындағы қызметін 1997 жылы бас әскери прокуратураның Қапшағай гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.

Нұр-Сұлтанның прокуроры тағайындалды

Мемлекет басшысының келісімімен ҚР бас прокурорының 26 сәуірдегі бұйрығымен Бауыржан Мырзакеров Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚР бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Бауыржан Мырзакеров 1975 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 1997 жылы бас әскери прокуратураның Қапшағай гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.

Әр уақытта Шымкент гарнизоны әскери прокурорының орынбасары,  Сарыөзек гарнизоны әскери прокурорының бірінші орынбасары, орталық  аймақ әскери прокурорының орынбасары, Сарыөзек, Өскемен, Қапшағай гарнизондарының әскери прокуроры, бас әскери прокурордың орынбасары, Павлодар облысы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарды.

2018 жылғы мамырдан бастап бас прокуратураның күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметінің басшысы лауазымында болды.

Прокуратура органдарындағы қызмет өтілі 21 жылдан астам. Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.

Заңдылықты және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде қол жеткізген жетістіктері үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен ІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен марапатталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу