"Нұр Жолы" кеден бекетінде көлік кептелісі мәселесі шешілді

1134

Бүгінде Қытай тарапы тәулігіне орташа есеппен 60-тан 80-ге дейін көлік қабылдайды.  

"Нұр Жолы" кеден бекетінде көлік кептелісі мәселесі шешілді

Бұл туралы республикалық "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталық төрағасы Төлеген Байғұлов онлайн брифинг барысында мәлім етті. 

Жобалық кеңсенің Мемлекеттік кірістер басқармасының жұмысына жүргізген мониторинг қорытындысын баяндаған ол, тексеріс барысында азаматтар  салық төлеу кезінде кедергілерге тап болатындығын және мемлекеттік шекарадан өту кезінде кезектің көптігіне шағымданғанын айтады.

"Мұның барлығы Мемлекеттік кірістер департаменттері мен басқармасында және кеден бекеттерінде орнатылған "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы фронт" жұмысының арқасында анықталды. Сондай-ақ, бұл посттарда азаматтарды әуре-сарсаңға салмау, сапасыз көрсетілген қызметтер және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жағдайында арыз-шағым қалдыру үшін кері байланыс телефон нөмірі көрсетілген. Аталған нөмірге тәулігіне 10 адамға жуық жүгінген күндер болған", - деді спикер.

Сонымен қатар спикер  "Нұр Жолы" кеден бекетінен ақылы терминалға дейінгі жол бөлігінде көлік құралдарының жиналу жағдайына тоқталды. Оның сөзінше қазір жүргізушілер тарапынан толқу жоқ, көлік ағыны төмендеген. 

"Қытай тарапы орташа есеппен тәулігіне 60-тан 80-ге дейін көлік құралын қабылдайды", – деді спикер. 

Еске сала кетсек, тамыз айының басында пандемияға байланысты Қытай Халық Республикасы өзге елдерден қабылдайтын көлік санын қысқартып, нәтижесінде "Нұр Жолы" кеден бекетінде 58 шақырымдық көлік кептелісі орын алды. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу