"Нұр жолы" кеден бекетінде шетел валютасын тасымалдау бойынша 5 факті анықталды

536

Бұл туралы Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Нұр жолы" кеден бекетінде шетел валютасын тасымалдау бойынша 5 факті анықталды Фото: 7kun.kz

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қорғаныс кешенінің шекаралық бақылау қызметкерлерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына шығудың әкімшілік залында 15 күн ішінде шетел валютасын тасымалдауға тырысудың 5 фактісін анықтады.

Қытай азаматынан 16 наурызда 10 мың АҚШ доллары, 1 100 юань және 73,5 мың теңге сомасында декларацияланбаған қаражат анықталды. 18 наурыз күні Тәжікстан азаматы 11 875 АҚШ долларын, ал 25 наурыз күні Қытай азаматтары 5 млн теңге, 416 юань және 1,7 млн теңге және 14 500 АҚШ долларын декларацияламағаны анықталды. Сәуірдің басында Қытай азаматы 15 500 АҚШ долларын декларацияламай алып өтпек болды.

Барлық фактілер бойынша әкімшілік материалдар толтырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу