"Нұр Жолы" кеден бекетінің басшысы мен оның орынбасары ұсталды

2502

Қытаймен шекарадағы "Нұр Жолы" кеден бекетінің бірқатар лауазымды тұлғаларының қылмыстық әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды inbusiness.kz жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан ақпаратқа сүйеніп.

"Нұр Жолы" кеден бекетінің басшысы мен оның орынбасары ұсталды

"Қылмыстық әрекетті имитациялаған қадағалау органының қызметкеріне жүргізілген тексеру бойынша мәселелерді оң шешкені үшін 50 мың АҚШ доллары мөлшерінде пара беру фактісі құжат түрінде рәсімделген. Аталған факті бойынша "Нұр Жолы" кеден бекетінің басшысы мен оның орынбасары ұсталды", – деп жазылған хабарламада. 

Сонымен қатар уәкілетті экономикалық операторлардың бірінің өкілі тексерушілерге 30 мың АҚШ доллары көлемінде пара бергені, ірі көлемде тауар контрабандасын жасырғаны үшін ұсталған. 

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу