"Нұр Жолы" өткізу пункті іске қосылғалы бюджетке төлемдер түсімі 5,5 есеге артты

541

2018 жылдан бастап өткізу пункті жұмыс істеген 4 жыл жыл  уақыт ішінде ел бюджетіне 223 356 млн.теңгеден астам кедендік баждар мен салықтар түсті, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

"Нұр Жолы" өткізу пункті іске қосылғалы бюджетке төлемдер түсімі 5,5 есеге артты Фото: freepik

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен "ЕАЭО сыртқы шекарасының қазақстандық учаскесіндегі өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру" тақырыбындағы брифингте Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Слямов мәлімдеді.

Оның дерегінше, ескі "Қорғас" өткізу пунктімен салыстырғанда 4 жыл ішінде аталған кеден бекеті арқылы өткен көлік саны 1,6 есе, төлемдер түсімі 546,6%-ға өсті. Пункт арқылы 2018 жылғы қазаннан 2022 жылғы қазанға дейін209 432-ден астам) көлік құралдары өткен.

Бақытжан Слямовтың мәліметінше, "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық транзиттік дәлізінде орналасқан "Нұр Жолы" автомобиль өткізу пункті мемлекеттік-жеке әріптестік механизмі арқылы 2018 жылы қолданысқа берілген. Оның құрылысына  шамамен 69 млрд. теңге жұмсалған еді.  Қазақстан-Қытай шекарасындағы бұл өткізу пункті Орта Азиядағы ең ірі және технологиялық жағынан озық бекет.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу