Нұра ауданы әкімдігінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

631

Нұра ауданы әкімдігінің қызметкерлері бөтен мүлікті талан-таражға салу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуге тартылды, деп хабарлайды Atameken Business.  

Нұра ауданы әкімдігінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Осыдан екі ай бұрын, эфирімізден мемлекеттік бағдарламен салынып жатқан баспаналардың мәселесі мен хоккей кортының мерзімінен кешігуі жайлы материал өткен болатын. Бұл мәселені бірден тексеріске алған аудан прокуратурасы өз қортындысын мәлім етті. Аудандық прокуратура мәліметінше, тапсырыс беруші орындалған жұмыстардың актілеріне негізсіз қол қойған. Тұрғын үйлер, бассейн және хоккей кортын салу кезінде және мердігер ұйымдарға жалпы сомасы 120 млн теңгеден астам ақшалай қаражат аударғаны анықталған.

Одан өзге, құрылысы аяқталмаған объектілердің мерзімінде тапсырылмағанына қарамастан, тапсырыс беруші оларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз деп тануға асықпаған. Енді осы фактілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-ыншы бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу