Нұра ауданында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

787

Кертінді ауылында 25 науқасты емдеуге арналған фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды.  

 Нұра ауданында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды Фото: gov.kz

Мекеме мыңға жуық тұрғынға қызмет көрсетеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жаңа бір қабатты ФАП ғимараты "Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасы бойынша салынды. Ғимаратта 12 кабинет жабдықталған, онда алғашқы медициналық көмек көрсету үшін барлық жағдайлар жасалған.

"Кертіндіде бұрын ауылдық аурухана болған. Ол өте ескі. Тозығы жеткен ғимарат заманауи санитарлық талаптарға сай келмеді. ФАП құрылысы көп жылдан бері қордаланып келген мәселені шешті. Енді жергілікті тұрғындар сапалы медициналық қызмет ала алады", – дейді Нұра ауданының орталық ауруханасының директоры Орал Мазитов.

Фельдшерлік-акушерлік пунктте құралдарды зарарсыздандыруға, анализдерді жинауға және пациенттерді вакцинациялауға арналған барлық қажетті жабдықтар бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу