Нұра-Есіл арнасында тағы бір бала суға батып кетті

881

Нұра-Есіл арнасында тағы бір бала суға батып кетті

Пригородный тұрғын алабындағы "Нұра-Есіл" арнасында кеше тағы бір бала суға батып кетті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

"102 пультіне ақпарат тұрғындардан келіп түсті. Патрульдік қызмет киім-кешек, телефон, қармақ пен велосипедті көріп құтқарушыларды шақырды. Кинологиялық есеп киімнен баланың суда жатқанын анықтап берді. Бүгін таңғы 5-те 2004 жылы туған баланың мәйті судан шығарылды", - деді Астана қаласының ТЖК ликвидация бөлімінің басшысы Елдор Райымбеков.

Сондай-ақ ол суға түсу маусымы басталғалы бері арнаның дәл осы аумағында тоғыз  адам суға кеткенін атап өтті.

"24 маусымда бірін-бірі құтқармақ болған 4 бала қаза тапты. Одан соң кілем жумақ болған әйел екі қызымен бірге батып кетті", - деді ол.   

Оның айтуынша, ТЖК мамандары осы аумақта тұратын мектеп оқушылары мен ата-аналарына түсіндірме жұмыстарын жүргізгенімен, балалар рұқсат етілмеген жерлерде суға түсуін жалғастырыуда.

"Есіл өзенінде бірнеше рейд жүргіздік. Үлкендердің қарауысыз жүрген  9 жастан 15 жасқа дейінгі көптеген балаларды ұстадық.  Ата-аналардың көбі балаларының қайда жүргенін де білмеді. Әке-шешелерін шақырып, түсірдірдік жәрне 2-ден 4  АЕК дейін айыппұл салдық. Сондай-ақ бізбен 25 хаттама толтырылды. Егер қайтадан ұсталатын болса, қатаң шара қолданатын боламыз", - деді Елдор Райымбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу