ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, құтқарушыларға 24 маусым күні Нұра-Есіл каналының аңғарында, Пригородный кентінің аймағында балалардың жоғалып кеткені туралы хабар түскен. Оқиға орнына Орталық өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жіберілген. Іздеу жұмыстары бүгін, 25 маусымда аяқталған.
"Таңертең, 5 сағат 17 минутта "Пригородный" тұрғын үй алабының аумағында, Нұра-Есіл каналынан балалардың денесі табылды", - деп хабарлады Руслан Иманқұлов.
Қайтыс болған балалар 9, 12 және екеуі 11 жаста болған. Олар 24 маусымда шомылуға арналмаған жерде суға ағып кеткен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу