Нұра халқын алаңдатқан хоккей корты қыркүйекте қолданысқа берілетін болды

515

Қарағанды облысы Нұра кентіндегі хоккей корты қыркүйекте берілетін болды. Оның құрылысы ұзаққа созылғанына тұрғындар мен қоғам белсенділері шағымданған болатын, деп жазады inbusiness.kz.

Нұра халқын алаңдатқан хоккей корты қыркүйекте қолданысқа берілетін болды

Мердігер ұйым басшысының айтуынша, құрылымның металл құрылысы шатырмен жабылған, асфальтбетон жабыны мен жасанды газон төселген, өрт қауіпсіздігі жабдығы мен жүйесіне монтаждау жүргізілген. Осы аптаның соңына қарай жанкүйерлерге арналған орындықтар орнатылады. Ол қыркүйек айында мұнда алғашқы ойындарды өткізуге болатынына сендірді.

Корт көпфункционалды. Қыста хоккейшілерге арналған мұз айдыны құйылады, ал жылы мезгілде футболшылар жасанды алаңда ойнай алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу