Нұра мен Есіл өзендерінің бассейндерінде ылғал қоры нормадан жоғары

Ақтөбе облысында 16-49%, Батыс Қазақстан облысында 13-27% нормадан асатын жауын-шашынның көп мөлшері түсті. 

Нұра мен Есіл өзендерінің бассейндерінде ылғал қоры нормадан жоғары Фото: Экспресс К

Бұл туралы Сенат қабырғасында айтылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі "Қазгидромет" РМК ЭТРМ ұсынған деректер негізінде қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Биылғы 20 ақпандағы жағдай бойынша Қарағанды облысының Нұра өзендерінің бассейндеріндегі қар жамылғысындағы ылғал қорының көлемі 47%-ға, Ақмола облысының Жабай өзіненде 12%-ға, СҚО Есілде 24%-ға, Қостанай облысының Тоғызақ және Қараторғайда 27-82%-ға, Ақтөбе облысы Елек өзенінде 18%-ға жоғары.

Орташа көпжылдық мәндер шегінде Ұлытау, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе және БҚО өзендерінің жекелеген бассейндерінде байқалады.

Орташа көпжылдық мәндерден төмен БҚО, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау, Ақмола және Қостанай облыстарының өзендерінің бассейндерінде байқалады.

2022 жылғы 1 қарашадан 2023 жылғы 20 ақпанға дейінгі кезеңде жазық өзендердің бассейндерінде орналасқан метеостанциялардың деректері бойынша, Қарағанды және Ұлытау облыстарында 16-81%-ға, Ақмола облысында 13-50%-ға, Солтүстік Қазақстан облысында 36%-ға, Қостанай облысында 13-48%, Ақтөбе облысында 16-49%, Батыс Қазақстан облысында 13-27% нормадан асатын жауын-шашынның көп мөлшері түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу