Нұра өзеніне лас қалдықтар құйылған

1596

Теміртау қаласы жанындағы Нұра өзеніне күл араласқан су ағызылған.

Нұра өзеніне лас қалдықтар құйылған

Қара қардан көз ашпаған Теміртау қаласының жанындағы Нұра өзенінің ағысына енді қалдық сулар төгілуде. 11 ақпанда кешкі сағат алты шамасында Теміртау тұрғыны бірінші Қарағанды энергия тарату кәсіпорны жақтан Нұра өзеніне күл араласқан лас қалдықтардың төгіліп жатқанын аңғарған.

"Ашықтан ашық энергия станциясы өзенді ластап жатыр,қазір бұдан балық қырылады,ал жазда тұрғындар суға шомылады. Әрі мұндай қалдықтардың қашаннан бері төгіліп жатқанын ешкім білмейді", – деген наразылығын білдірген Теміртау тұрғыны түсірген бейнежазбасын әлеуметтік желіге таратқан.

Кеше кешкісін оқиға орнына Теміртау қаласы әкімдігі мен экология департаментінің мамандары барып,жағдайды көріп қайтқан. Мамандардың айтуынша "Bassel Group LLS" ЖШС тиесілі Қарағанды энергия тарату станциясының күл қалдықтары құйылатын құдықтың шеті үйілген қар мен мұздың салдарынан опырылып түскен. Экология департаменті өзенге қалдық құйылған жерден сараптама үшін сынама алғанын мәлімдеді. Түнгі уақытта құдықтың ақауланған тұсы жабылған. Сонымен қатар арнайы комиссия қалдықтарды төккен кәсіпорынды тексеретін болады.

Айта кету керек,Қарағанды энергия тарату станциясы Теміртау халқын жылумен және электр энергиясымен қамтамасыз етіп отырған жеке меншік кәсіпорын.

Арайлым Еркебаева 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу