Нұра өзенінен әйел мен ер адамның денесін сүңгуірлер алып шықты

851

Құрбан болған жандардың туыстары оларды Самарка ауылының жанында жүрген жерінен жоғалып кеткенін хабарлады. 

Нұра өзенінен әйел мен ер адамның денесін сүңгуірлер алып шықты Фото: Қарағанды ТЖД

Нұра өзенінен сүңгуірлер әйел мен ер адамның денесін алып шықты. 18 маусым күні сағат 21:50-де Абай ауданы Самарқа ауылының маңында 1986 жылы туған әйел адам мен 1987 жылы туған ер адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Туыстары олардың ауыл маңында қыдырып жүрген жерінен жоқ болып кеткенін айтып көмек сұраған.

Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Қарағанды облысының ТЖД күштері жұмылдырылды. 19 маусым күні сағат 15:25-те із-түзсіз жоғалған әйелдің денесін ТЖД-нің сүңгуірлері Нұра өзенінен тапты. Жоғалған екінші адамның денесі 20 маусым күні сағат 16:05-те іздеу жұмыстары басталған жерден 3,5 шақырым жерде Нұра өзенінен табылды. Өлімнің мән-жайы анықталуда.

“Шомылу кезеңінде қайғылы жағдайдың алдын алу үшін суда өзін-өзі ұстау ережелерін сақтаңыз:

  •  жүзуді білмесеңіз, белден жоғары суға түспеңіз;
  •  балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
  •  мас күйде суға түспеңіз;
  •  таныс емес жерлерде суға түспеңіз;
  •  жағадан алыс жүзбеңіз;
  • түнде суға түспеңіз”,- деп ескертеді Төтенше жағдайлар департаменті.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу