Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймаханның үкімі өзгеріссіз қалды

Бұған дейін оның қорғаушылары сот үкіміне апелляциялық шағым берген еді.

Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймаханның үкімі өзгеріссіз қалды Фото: 24.kz

Бүгін Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне байланысты сотталған Шерхан Аймаханның үкімі апелляциялық сатыда өзгеріссіз қалдырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2026 жылдың 13 тамызыдағы үкіміне жәбірленушілердің өкілдері Омаров пен Ахметов, сондай-ақ адвокаттар Құрманбаев пен Әбдиев апелляциялық шағым берген.

Істі апелляциялық тәртіппен қараған сот алқасына Бәйдібек Дүйсебеков төрағалық еткен.

Сот алқасы ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 431-бабы бірінші бөлігінің 1) тармағын, 443 және 444 баптарын басшылыққа ала отырып, бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдыру туралы қаулы шығарды. Апелляциялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырылды.

Сонымен қатар сот үкімінің қарар бөлігіндегі жаза тағайындауға қатысты бөлігі нақтыланды. 

– "Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 58-бабының 4-бөлігінің талаптары негізінде жазаларды толық қосу арқылы Аймаханға түпкілікті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 58-бабының 4-бөлігіне сәйкес, қылмыстардың жиынтығы бойынша Аймаханға түпкілікті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын" деген сөздермен ауыстырылсын, – деді сот алқасының төрағасы Бәйдібек Дүйсебеков.

Сот қаулысы жарияланған күнінен бастап заңды күшіне енеді. Наразы жақ қаулы жария етілген күннен бастап сотталған адамның жағдайын нашарлататын негіздер бойынша бір жыл ішінде, ал өзге негіздер бойынша мерзімі шектелмей кассациялық шағым немесе наразылық беруге құқылы.

Жаза кетейік, Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбай 2026 жылдың 11 қаңтары күні кісі қолынан жан тапсырды. Артынша қызды пышақтап өлтірген адамның кім екені анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу