Нұрай Серікбай ісі: Сотта бұрынғы тергеушіден жауап алынды

653

Сотта жәбірленуші тараптың адвокаты сұрақ қойды.  

Нұрай Серікбай ісі: Сотта бұрынғы тергеушіден жауап алынды Фото: Instagram/justice_for_nuray

Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрай Серікбайдың ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Сот отырысында бұрынғы полиция қызметкері Әбілғазы Артықбайдан жауап алынды. Оның айтуынша, 5 қазан күні кешке айыпталушы Шерхан Аймаханның үйіне барған. Ол жерде марқұмның ағалары қарындастарын күштеп әкетілгенін хабарлаған. Бұрынғы тергеушінің мәлімдеуінше, Нұрайдан мән-жайды сұрағанында, ол өз еркімен келгенін айтқан.

Кейін Нұрай Серікбай мен Шерхан Аймахан полиция бөлімшесіне жеткізілген. Нұрайдың ешкімге шағымы жоқ екенін мәлімдегені туралы да айтылды. Оның түсініктемесі бейнежазбаға түсірілген.

Сотта жәбірленуші тараптың адвокаты экс-полицейден қыздың жауабын не себепті видеоға жазып алғанын сұрады. Адвокат мұндай шешімге қандай да бір күдік себеп болды ма деген сауал қойды. Бұған жауап берген бұрынғы полицей мұндай бейнетүсірілімнің қалыпты тәжірибе екенін айтты.

Басылымның жазуынша, бұрынғы полиция қызметкері Нұрайдың бейнежазбадағы жауабы алдын ала дайындалған деген пікірмен келіспейтінін мәлімдеген.

"Мен оған ештеңе айтып тұрған жоқпын. Ондай болған жоқ", – деді бұрынғы тергеуші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу