Шымкентте қайтыс болған Нұрай Серікбайдың ісі бойынша сот 21 шілдеде басталады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Іс бойынша алдын ала тыңдау сот отырысы Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2026 жылдың 21 шілдесі сағат 10:00-де өтеді", – деп хабарлады адвокат.
Жәбірленуші тараптың мүддесін адвокат Аянхан Омаров пен Ахметов Мұхаммеджан қорғайды. Нұрайдың отбасы осыған дейін қылмыстық істің тікелей эфирде өткізілуін талап еткен болатын.
Айта кетейік, 2026 жылдың 11 қаңтарында Шымкентте кешке 21 жастағы Нұрай Серікбайды танысы пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен. Күдікті арада екі күн өткенде ұсталды.
Оған Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылып отыр. Олар: 125-1-бап – "некеге тұруға мәжбүрлеу", 115-1-бап – "сталкинг" және 99-баптың 2-бөлігі 5-тармағы – "аса қатыгездікпен адам өлтіру".