Нұрәлі Әлиев Геннадий Головкинге демеушілік жасағанын мақтаныш тұтты

1425

Нұрәлі Әлиев Геннадий Головкинге демеушілік жасағанын мақтаныш тұтты

Нұрәлі Әлиевтің компаниясы Головкин мен британдық Келл Брук арасындағы кездесудің демеушілерінің бірі болған. Бұл жекпе-жек 10 қыркүйекте Лондонда өткен еді.

"Геннадий Головкиннің Лондондағы кездесуіне демеушілік жасау туралы ешқандай жоспар болған емес еді. Аяқ астынан осылай болғанын тәптіштеп түсіндіргім келіп тұрған жоқ. Дегенмен айта кетейін, Геннадий жекпе-жектің өтуіне бір ай қалғанда өтініш жасады. Сондықтан тез арада жақсы досыма көмектесу қажет болды. Геннадий әрбір жекпе-жегіне шыққанда өзінің ғана абыройын емес, еліміздің де намысын жоғары деңгейде қорғап жүр. Сол себепті бұл демеушілік ғана емес, еліміздің белгілі брендінің бірі – GGG-ге салынған инвестиция деп білемін. Біздің берік достығымыз, іскерлік әріптестігіміз әрі қарай жалғаса береді", – дейді Әлиев.

Айта кетейік, Головкин алғаш рет Ұлыбритания жекпе-жекте өткізген болатын. Кездесу ақылы түрдегі Sky Sport арнасынан көрсетілді. Жерлесіміз осы жолы өзінің карьерасындағы 36-шы жеңісіне қол жеткізді.

Baq.kz 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу