Нұралы Бөкейханов жаңа қызметке тағайындалды

1613

Ол қатардағы сарапшыдан жоғары буынның жетекшілігіне дейін жеткен білікті маман.  

Нұралы Бөкейханов жаңа қызметке тағайындалды

Президенттік жастар кадр резервіне кірген Нұралы Бөкейханов "Атамекен" ҚР ҰКП Аппарат жетекшілігіне тағайындалды, деп хабарлайды Палатаның баспасөз қызметі.

"2019 жылдың желтоқсан айында Нұралы Бөкейханов Президенттік жастар кадр резервінің мүшелігіне кірді. "Атамекен" ҚР ҰКП басшылығы Нұралы Бөкейхановты ҰКП Аппарат жетекшілігіне тағайындады", – делінген хабарламада.

Н.Бөкейханов 2013 жылы Ланкастер Университетінің менеджмент мектебінде қаржылық басқару магистрі атанды. "Болашақ" президенттік бағдарламасының стипендиаты.

Өзінің еңбек қызметін Нұралы Әлімұлы жеке сектордан бастаған. Ұлттық палатада оның құрылған күнінен бері еңбек етіп келеді. Нұралы Бөкейхановтың шетелдегі жетекші орындарда алған білімі, қытай және ағылшын тілдерін жетік білуі оның димломатиялық қызметке кәсіби деңгейде, терең араласуға мүмкіндік берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу