Нұрбақыт Теңізбаевқа 2008 жылы өткен Бейжің олимпиадасының күміс жүлдесі табысталды

1082

Нұрбақыт Теңізбаевқа 2008 жылы өткен Бейжің олимпиадасының күміс жүлдесі табысталды

Қазақстанның үздік балуандарының бірі болған Нұрбақыт Теңізбаевқа ресми түрде Пекин Олимпиадасының күміс жүлдесі табыс етілді, – деп хабарлайды Qsport.kz.

2008 жылы Қытайдың астанасында өткен төртжылдықтың басты додасында Қазақстанның абыройын асқақтатып, көк туды желбіреткен Нұрбақыт Теңізбаевқа ресми түрде күміс жүлде табыс етілді. Нұрбақыт жартылай финалда әзірбайжандық Виталий Рагимовқа есе жіберген болатын. Рагимов тыйым салынған дәруменді қолданғаны үшін, Халықаралық Олимпиада Комитеті отандасымызға күміс медальді табыс етеміз деген еді. Алайда Нұрбақыт Теңізбаевқа ресми түрде күміс жүлдені бермеген болатын.

Айта кетейік, Нұрбақыт Теңізбаев күреспей алған күмістен, күресіп алған қола жүлдем артық. Бұл медаль әзірбайжандық балуанға тиесілі деген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу