Ташкентте ерлер арасында өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында Нұрбек Оралбай финалға шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Нұрбек Оралбай 80 келіге дейінгі салмақта Токио олимпиадасының қола жүлдегері, ресейлік Имам Хатаевпен бокстасты.
Екі раундта басымдықпен, отандасымыз 4:1 қорытынды есебімен жеңді.
Осылайша, 80 келіге дейінгі салмақта финалда қос қазақ - Нұрбек Оралбай мен қытайлық Тоқтарбек Таңатхан алтын жүлдені сарапқа салады.
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасынан алғашқы болып Санжар Тәшкенбай әлем чемпионатының финалына шықты.
Сонымен бірге, Махмұд Сабырхан, Дулат Бекбауов және ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов те финалда.