Шорт-тректен отандасымыз финалдық кезеңге шыға алмады

737

Шорт-тректен отандасымыз финалдық кезеңге шыға алмады

Қазақстандық шорт-трекші Нұрберген Жұмағазиев 1000 метрге жарысты финалдық кезеңге шыға алмады, деп хабарлайды vesti.kz.

Қазақстандық шорт-трекші Нұрберген Жұмағазиев Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Пхенчан қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында 1000 метрлік бәсекеде бағын сынап, жарыстың финалдық кезеңіне шыға алмады. 
Үшінші төрттікке сынға түскен отандасымыз канадалық Самуэль Жирар, жапониялық Кейта Ватанабе және Халықаралық Олимпиада комитетінің атынан өнер көрсеткен ресейлік спортшы Семен Елистратовпен жарысқа шықты. 
Жарыстың қорытындысы бойынша ширек финалға Жирар (1:23.894) мен Елистратов (1:23.979) шықты. Ал 27 жастағы Жұмағазиев 1:24.271 уақытпен соңғы болып мәре сызығын кесті. 
1000 метрге жарыстың финалдық кезеңі 17-ақпан күні өтеді. 
Айта кетейік, бүгін 13-ақпан күні 5000 метр қашықтыққа ерлер арасындағы командалық эстафета өтеді. Бұл сынға Қазақстан құрамасы да қатысады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу