"Түлектер ғой десем түсінбей жатыр": Нұрболат Абдуллинге билегені үшін "айыппұл" салынды

3632

Түлектер кешінде өнер көрсетіп, билеген әншінің қылығын халық жақтырмай қалды.  

"Түлектер ғой десем түсінбей жатыр": Нұрболат Абдуллинге билегені үшін "айыппұл" салынды Фото: instagram.com/nurbullin/

Отандық эстрада жұлдызы Нұрболат Абдуллин бірнеше қызбен билеп, халық сынына ұшырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өнер иесі қыздармен алма-кезек вальс билеген видеосын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Әншінің жас қыздармен билегеніне адамдар әзіл-шыны аралас түрлі пікір білдіріп жатыр.  

"Соңғы видеоға “штраф” келді. Әй, түлектер ғой десем түсінбей жатыр. 300 мың теңге төледім", – деп жазған әнші түбіртектің суретін жариялады. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, айыппұлды әйелінің картасына жібергенін жарыса жазып жатыр. 

"Төсек салып қойдым, біздің үйге қоныңыз”, “Қыздарға қызық па екен, әншімен билеген”, ”Бүгін көлікте ұйықтайсыз-ау", "Абайлаш, құрсын белден ұстаған үшін 3 тәулік болып жүрмесін", "Бүгін билеп алыңыз, ертең кешірім сұрап тұрған видео күтеміз", "Сұлтан Сүлеймен боп тұрсыз", “Басқаға емес, әйеліңізге айыппұл төлегеніңіз жақсы болған”, - деп жазды оқырман қауым. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу