Нұрдәулет Қилыбай: "Таза Қазақстан" уақытша акция емес, қазақ даласында жаңадан басталған дәстүр

343

Ақтаудағы экологиялық іс-шара ерекше форматта ұйымдастырылды.

Нұрдәулет Қилыбай: "Таза Қазақстан" уақытша акция емес, қазақ даласында жаңадан басталған дәстүр Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Бүгін, 10 тамыз күні "Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Маңғыстау облысында ауқымды сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Тазалық акциясына облыстың барлық қала, аудандарының тұрғындары, қоғам белсенділері, кәсіпкерлер, ірі компаниялар, көп балалалы аналар, мемлекеттік қызметкерлер мен депутаттар қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақтаудағы экологиялық іс-шара ерекше форматта ұйымдастырылды. Теңіз жағасына ағаш үйлер тігіліп, акцияға қатысушыларға ыстық шай мен ас ұсынылды. Тұрғындар үшін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Өнерлі тұрғындар күй мен жырдан шашу шашып, сенбілікке қатысушыларға жақсы көңіл-күй сыйласа, жастар жағы ән шырқап, шараның шырайын келтірді. Шаһар тазалығына үлес қосуға тұтас отбасымен келгендер де болды.

Сондай-ақ, сенбілікте Каспий теңізінің асты да тазаланды. Теңіз астын тазалауға 3 сүңгуір жұмылдырылды.

Экологиялық акцияға облыс бойынша барлығы 3000-нан астам адам қатысып, 100-ге жуық техника жұмылдырылды. 300 тонна қоқыс шығарылды.

Ауқымды акцияны белсенді қолдауға көп балалы аналар, полиция қызметкерлері, депутаттар, белгілі спортшылар, паралимпиадашылар, дәрігерлер, экологтар мен энергетиктер, мәдениет саласының өкілдері қатысып, азаматтарды туған өлкені таза ұстауға, оны көркейтуге шақырды. Ал кәсіпкерлер мен ірі компания ұжымдары өз кәсіп нысанын, оның маңайын таза ұстау керек екенін жеткізді.

Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың айтуынша, қоршаған ортаны ұқыпты ұстау, табиғатты аялауға бағытталған мұндай акциялар облыс аумағында дәстүрге айналуы тиіс.

Қала тұрғындарының белсенділігін ерекше атап өту керек. Маңғыстау – ортақ үйіміз. Барлығымыз таза көшемен жүріп, таза жерде серуендегіміз келеді. Ал ол тек өзімізге байналысты. Бұл экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған үлкен шара. Қоршаған ортаны ұқыпты ұстау, өлкемізді қоқысқа толтырмау әрқайсысымыздың міндетіміз. Мұндай акциялар дәстүрлі түрде жалғасын табуы керек, - деді Нұрдәулет Игілікұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу