Нұрдәулет Қылышбай еркін күрестен жастар арасындағы әлем біріншілігінің күміс жүлдесін иеленді

764

74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға жеткен Нұрдәулет америкалық Киган Отоолемен кездескен болатын.  

Нұрдәулет Қылышбай еркін күрестен жастар арасындағы әлем біріншілігінің күміс жүлдесін иеленді

Күрес түрлерінен Уфада өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Нұрдәулет Қылышбай күміс жүлдегер атанды деп хабарлайды Olympic.kz.  

Финалдық белдесуде АҚШ балуаны 11:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңіске жетті. 

Осылайша, Нұрдәулет Қылышбай турнирдің күміс жүлдегері атанды. Бұған дейін Асылжан Есенгелді (57 келі) мен Бекзат Ермекбай (65 келі) қола жүлдеге қол жеткізген болатын. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу