Нұрдәулет Сүйіндіков Бас прокуратураның Активтерді қайтару қызметін басқарды

78

Нұрдәулет Сүйіндіков еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданы прокурорының аға көмекшісі ретінде бастаған.  

Нұрдәулет Сүйіндіков Бас прокуратураның Активтерді қайтару қызметін басқарды Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Бас Прокурордың бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Нұрдәулет Мықтыбекұлы Сүйіндіков Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Әр жылдары Бас прокуратураның бөлім бастығы, Бас Прокурордың аса маңызды тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі, Департамент бастығының орынбасары – Бас прокуратураның ресми өкілі, Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуроры, Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары, Стартегиялық даму департаментінің бастығы, Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің бастығы болды.

Кейінгі екі жыл Активтерді қайтару комитетінің төрағасы лауазымында қызмет істеді.

Қызметтегі жоғары жетістіктері үшін Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу