Нұрдәулет Сүйіндіков Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы болды

693

Мемлекет басшысының өкімімен Нұрдәулет Сүйіндіков Қазақстан Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Нұрдәулет Сүйіндіков Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы болды Фото: Ашық дерек көздерінен

Сүйіндіков Нұрдәулет Мықтыбекұлы, 1980 жылы 26 маусымда қазіргі Түркістан облысында дүниеге келген.

Орта мектепті бітіргеннен кейін, 2000 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде "Құқықтану" мамандығы бойынша жоғары білім алған.

2018-2020 жылдары Мәскеу қаржылық-өнеркәсіптік "Синергия" университетінде "МВА – "Стратегиялық менеджмент" бағдарламасы бойынша білім алып, "Іскерлік басқару шебері" біліктілігіне ие болды.

Ресей халықтар достығы университетінің қосымша кәсіптік білім курсын меңгеріп, 2021 жылы мемлекеттік және муниципалдық басқару саласындағы біліктілігі туралы диплом алды.

2022 жылы "Халықаралық құқық саласындағы заңгер" профилі бойынша В.Ф. Яковлев атындағы Орал мемлекеттік заң университетінің құқықтану магистрі дәрежесі берілді.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы бұйрығымен аға әділет кеңесшісі сыныптық шені берілген.

Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, мінсіз қызметі және заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін:

- Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының алғыстары мен құнды сыйлықтарымен;

- "1-ші дәрежелі Прокуратура үздігі" төсбелгісімен;

- ІІ, ІІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" ведомстволық медальдарымен марапатталған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 желтоқсандағы Жарлығымен мемлекеттік награда – "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл", "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл", "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл", "Қазақстан Конституциясына 25 жыл", "Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл" мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту ісіндегі қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің ведомстволық медальдарымен және марапаттарымен бірнеше рет атап өтілген.

Үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу