Аса ауыр салмақта күрескен спортшы турнир барысында барлық қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты mangystaumedia.kz порталына сілтеме жасап.
"Қара бура" лақап атымен танымал Н.Жарылғапов ел чемпионатында кезекті рет жеңіске жетіп отыр. Еліміздегі аса ауыр салмақтағы балуандар көшін бастап тұрған спортшы биыл "Қазақстан барысы" турнирінде күміс белбеу иегері атанған болатын.
Жеңісті сәттен кейін пікір білдірген балуан бұл жеңісін Бейнеу ауданының 50 жылдығына арнайтынын мәлімдеді.
Еліміздің туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Ақтау қаласында қазақ күресінен ересектер арасындағы ел чемпионаты өтіп жатыр.