Нұрдәулетов әйгілі Ла Крузды жеңіп, финалға шықты

2744

Бекзат Нұрдәулетов екінші раундта кубалық боксшыны нокдаунға жіберді.

Нұрдәулетов әйгілі Ла Крузды жеңіп, финалға шықты

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі, 81 келідегі Бекзат Нұрдәулетов әлем чемпионатының финалына жолдама алды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Бекзат жартылай финалда төрт дүркін әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының жеңімпазы, кубалық Хулио Сезар Ла Крузды жеңді. Төрешілер 4:1 есебімен жеңісті біздің спортшыға берді. Кездесу басталған бетте-ақ белсенділік танытып, нық соққыларымен көзге түскен Нұрдәулетов қарсыласының атақ-даңқынан қорыққан жоқ. Тіпті, екінші раундта кубалық боксшыны нокдаунға жіберді. Осылайша, Бекзат қазақ боксшыларының арасынан әзірге жалғыз өзі финалға өтіп отыр. 
 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу